00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық жарыс басталды

16.05.2023 | 18:42
33
Фото: Василий Крась

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Elorda.info. 

Шараның ашылу салтанатына Спорт және Мәдениет министрі Асхат Оралов қатысты. 

Жақсылық Үшкемпіровті ұлықтау мақсатында турнирлер елорда төрінде, Қазақстанның өзге аймақтарында ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі халықаралық дода — осының дәлелі. Мысалы, аталмыш жарыс 3-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жарыс әділ, таза өтетіне сенемін, — деді министр. 

Сайыс барысында Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Израильден келген 200-ден астам палуандар 10 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтайды. 

Ал Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев жарыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да осындай турнирлерді жиі ұйымдастыруға дайын екендігін айтты. 

Айта кетейік, халықаралық турнир 16-18 мамыр күндері аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Барлық жаңалықтар