00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жәнібек Әлімханұлы жеңісті жолды жалғастыра ала ма?

19.08.2023 | 04:00
81
фото: ашық дереккөз

Кеше кәсіпқой бокстан WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 30 жастағы Винченцо Гуальтеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізетіндігі жайлы ақпарат тарады. Осы орайда Elorda info  тілшісі бұған дейінгі әлем чемпиондарымыздың шешуші жекпе-жектерін еске түсірді.

2014 жыл. 19 сәуір.

WBA (Super) тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов (14-1, 9 КО) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, 49 жастағы Бернард Хопкинспен (55-6-2) жұдырықтасып, 111:116, 111:116, 114:113 есебімен жол берді. Бұл жекпе-жектің арқасында Бернард Хопкинс ең егде әлем чемпионы атағын иеленді.

2015 жыл. 17 қазан.

WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, 26 жастағы ??Давид Лемьені (34-2) 8 раундта техникалық нокаутпен жеңді.

2017 жыл. 21 қазан

WBA (Super) тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы (53,5 келі) әлем чемпионы ??Жанат Жақиянов (27-1, 18 KO)  IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, 25 жастағы ??Райан Барнеттке (17-0) 110-118, 112-116, 109-119 есебімен жол берді. Айқастан соң, Райан допинг тесттен өтпеді. Әділетсіздікке душар болған 33 жастағы Жанат Жақиянов спорттық мансабын аяқтады.

2022 жыл. 9 сәуір

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы  ??Геннадий Головкин WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Муратаны 9 раундта нокаутқа жіберді.

2023 жыл. 14 қазан

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы ??Жәнібек Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтьеримен (Германия) шығады.

Қандай ерекшелігі бар?

— Винченцо Гуальтери барлық айқастарын тек Германияда өткізген.

— Әуесқой бокста тіпті ел чемпионы атана алмаған.

— Боксшыны Куба бапкері Франкис Альдам жаттықтырады.

Бір қызығы, 2 шілде күні Геннадий Головкиннен босаған IBF белбеуі үшін өткен жекпе-жекте Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Эскива Фалькаоны (116:110, 117:109  116:112) сенсациямен жеңіп кетті.

Бокс мамандарының кейбіреулері бұл боксшының бар-жоғы 3 айдан кейін Жәнібекпен шығатын айқаста физикалық деңгейі толық қалпына келмеуі мүмкін, деген пікір айтуда.

Тағы бір мәлімет, неміс боксшысы солақай Бразилия өкілінен басым түсті. Енді тағы бір мықты, солақай Жәнібек Әлімханұлын да жеңуді қалайды.

Барлық жаңалықтар