00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Юлия Путинцева Рабат турнирінің ширек финалына шықты

25.05.2023 | 13:00
28
Фото: ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Путинцева қос брейкке қол жеткізді – 6:2. Екінші сетте 5:0 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, қарсыласы брейк жасады. Дегенмен Юлия бәсекені тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

1 сағат 15 минутқа созылған кездесуде Юлия 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін рейтингте 195-сатыдағы аргентиналық Юлия Риерамен кездеседі.

Барлық жаңалықтар