00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық пысықталды

23.08.2023 | 03:30
37
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Т.Дүйсенова аталған ойындарға дайындық бойынша отырыс өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Онда Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің Астананың спорт инфрақұрылымының шараға дайындық деңгейі туралы ақпараты тыңдалды.

Отырыс барысында Тамара Дүйсенова V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жарыстар өткізу үшін Астана қаласында қолданыстағы спорт нысандары пайдаланылатынын, арнайы жаңа нысандар салынбайтынын атап өтті.

Елорда әкімдігінің деректеріне сай осы халықаралық іс-шараға дайындық аясында «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұз сарайына жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен елордалық «Қазанат» ипподромын реконструкциялау жоспарланған.

Еске сала кетейік, 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу эстафетасы Қазақстанға берілді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (World Nomad Games) – этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. Оған Орталық Азияның тарих бойынша көшпелі халықтарының ұлттық ойындары негіз болды.

Барлық жаңалықтар