00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Теннисші Елена Рыбакина WTA-500 турнирінде бақ сынайды

18.04.2024 | 12:54
67
Теннисші Елена Рыбакина WTA-500 турнирінде бақ сынайды
Фото: дереккөз

Қазақстандық теннисші Штутгарттағы WTA-500 турнирінде сынға түседі. Әлемнің 4-ракеткасы алғашқы матчын бүгін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Рыбакина алғашқы айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 19-ракеткасы Вероника Кудерметоваға қарсы ойнайды. 

Екі ойыншы арасындағы матч 15:30-ға жоспарланған.

Айта кетейік, Рыбакина мен Кудерметова бұған дейін үш рет кездесіп, үшеуінде де қазақстандық спортшы басым болды. 

Штутгарттағы турнирдің жүлде қоры 800 мың долларды құрайды.

Барлық жаңалықтар