00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Таэквондодан Қазақстан құрамасының қоржынына Олимпиаданың екінші жолдамасы түсті

16.03.2024 | 12:30
78
Фото: olympic.kz

58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров лицензиялық турнирдің жартылай финалында Филиппин өкілі Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы алғашқы Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

 Айта кетейік, Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде қырғызстандық таеквондошы Нұрхан Самидиновті ұтса, кейін таиландтық Тханакрит Едрактан басым түскен еді.

Сондай-ақ, кеше, 16 наурызда тағы бір қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.  Қазақстан құрамасы Олимпиадаға таеквондодан 2004 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін еліміз бұл спорт түрінен 1 жүлде алды. Бейжің Олимпиадасында Арман Шылманов қола медаль иеленген еді. 

Барлық жаңалықтар