00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Тұңғыш рет қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды

30.10.2023 | 06:00
41
Фото: olympic.kz

Отандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстандық спортшы финалда италиялық қарсыласын тізе бүктірді.

Оған дейін жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен жеңіп (11:3), сенсация жасаған еді.  Мөлдір Жаңбырбай тарихта тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы атанған спортшы болды. Бұған дейін ересектер арасында Қазақстаннан WKF каратэден әлем чемпионы шықпаған.

Жастар, жасөспірімдер санатында жеңімпаздар бар. Отандасымыз небәрі бір айдың ішінде екі жүлдеге ие болды. Әлем біріншілігінің алтынын алмас бұрын, Мөлдір Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді.

Барлық жаңалықтар