00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Тәуелсіздік күні: Астанада конкурдан ел чемпионаты жалауын көтерді

15.12.2023 | 08:51
42
Фото: Сұлтан Сейіт

Астанадағы «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде Тәуелсіздік күніне орай конкурдан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінің директоры Аманжол Хасенов қатысты.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Тәуелсіздік күніне арналған ел чемпионатының ашылуымен құттықтап, конкурдан жыл басынан бері Астанада бесінші рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті.

Елдігіміздің тұмары болған 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған конкурдан ел чемпионатында өздеріңізді көргеніме қуаныштымын.

Бұл күн ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан бұл мереке қасиетті де қастерлі. 

Бір жыл бұрын Республика күні қолданысқа берілген кешенде аймақтық, қалалық, республикалық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылуда. Ал биылға конкурдан өтіп жатқан бұл бесінші жарыс. 

Бүгінгі мерекелік жарыстың қатысушыларына сәттілік тілеймін. Шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрінсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын, - деді басқарма басшысы.

a11ba20a-366c-453e-a1ad-a178b3513c68.jpg

Айта кетейік, түрлі биіктіктегі 4 бағытта шеберліктерін сынауға тек Астана қаласының 50-ге жуық спортшысы қатысып жатыр. 

2f70dd8a-668b-489f-b191-62652a8dce71.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауа райының бұзылуы, жолдың жабылуына байланысты еліміздің өзге облыстары қатысудан мәжбүрлі түрде бас тартқан. 

Ауа райының бұзылуына байланысты чемпионатқа қатысуға өтініш берген өңірлер келе алмады. Жалпы 90-ға жуық шабандоздың қатысуы жоспарланған болатын. Жарыстың талаптарына байланысты шабандоздар төрт бағдар бойынша сынға түседі. Яғни, бірінші санат – «Әуесқойлар санаты, 100 см»; екінші санат – «Балалар санаты 12-14 жас, 100 см»; үшінші санат – «Жасөспірімдер санаты, 15-18 жас, 110 см» және соңғы төртінші санат – «Ересектер санаты, 130 см 18 жастан жоғары». Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып жатқан чемпионаттың жеңімпаздары бүгін кешке анықталады. Дүбірлі доданың жүлде қоры – 12 миллион теңге, - деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева. 

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтуде.

41ffc430-14f3-4b85-bffe-2c30f07c5078.jpg

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар