00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Стенд ату: Азия чемпионатына қатысушылар анықталды

10.01.2024 | 06:00
68
Фото: olympic.kz

Екі күннен соң Париж Олимпиадасының жолдамасы үлестірілетін кезекті турнир басталады, деп хабарлады Elorda info  

Стенд атудан 12-22 қаңтар күндері аралығында Кувейт елінде Париж Олимпиадасының 8 жолдамасы үлестірілетін лицензиялық Азия біріншілігі өтеді. Сайыста 40 мемлекеттен 500-ге жуық сұрмерген өзара сынасады. Құрлықтық жарыста ел намысын 18 спортшымыз қорғайтын болады.

Олардың арасында жазғы Азия ойындары, әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп жүрген Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Эдуард Ещенко, Мария Дмитренко, Айжан Досмағанбетова, Анастасия Прилепина т.б жерлестеріміз бар.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар