00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Спортшыларымыз IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына аттанады

15.01.2024 | 08:30
70

19 қаңтар-1 ақпан күндері Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталады. Қазақстан сапынан айтулы бәсекеде рекордтық 42 спортшы бақ сынайды, деп хабарлады Elorda info.

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт кешенінде жас спортшыларды шығарып салу рәсімі өтті. 

Іс-шара барысында Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу рәсімінде ту ұстайтын спортшыларға Қазақстан Республикасының Туы салтанатты түрде тапсырылды. IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің байрағын шорт-тректен ел чемпионы, спорт шеберіне үміткер Ерасыл Шыңғысхан және конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, сондай-ақ ел біріншілігінің жеңімпазы Кристина Шумакова алып шығады. Өз кезегінде Ерасыл Шыңғысхан ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдына шығып, салтанатты түрде ант берді.

WhatsApp Image 2024-01-15 at 13.05.57 (1).jpeg

Бексұлтан Мақыш (3×3 хоккейден ұлттық құраманың шабуылдаушысы): 

Алғаш рет 3×3 форматында жүлдеге таласайын деп жатырмыз. Өйткені біз бұған дейін дәстүрлі 5×5 жүйесінде ойнап келіп едік. Әйтсе де өзге қарсыластардан қарағанда артықшылығымыз бар. Барлығымыз «Барыс» клубы сапында бұрыннан ойнап келе жатырмыз. Басты қарсыластар ретінде Ұлыбритания, Латвияны санағанымен, барлығы деңгейлес командалар. Өз мүмкіндіктерімізді қолдан жібермеуге тырысамыз.

WhatsApp Image 2024-01-15 at 13.05.57 (2).jpeg

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттың 5 түрінен бақ сынап, 55 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қысқы Ойындарда ел намысын 42 спортшы биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, фристайл могул және шайбалы хоккей спорт түрлерінен қорғайды.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар