00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Шавкат Рахмонов елордалық жас спортшылармен кездесті

08.09.2023 | 04:30
41
Фото: дереккөз

Қазақстанның жартылай орта салмақта UFC-дегі өкілі, аралас жекпе-жектен жеңілмеген файтер Шавкат Рахмонов Koktal Junior Hall тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Диалог форматында өткен кездесуде спортшы өзінің кәсіби мансабы туралы сұрақтарға жауап берді. 

Жеңіске жету, жақсы көрсеткіштер көрсету – көп жұмыс істеу деген сөз. Әрбір күнделікті жаттығу маңызды екенін ұмытпаңыздар, - деп Шавкат Рахмонов жас спортшыларға өз кеңесін айтты. 

Сұхбат сессиясынан кейін ол балалардың спаррингтерін қарап, кәсіби кеңестерін айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, Сарыарқа ауданында Koktal Junior Hall спорттық-шығармашылық орталығы жұмыс істейді. Көпфункционалды кеңістікте балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер бар. Орталық күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Ұлытау көшесі, 1/1.

Барлық жаңалықтар