00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Үш елдің елшілері «JORYQ» ат спорты федерациясына қолдау көрсететінін айтты

23.02.2024 | 11:37
46
Фото: дереккөз

Атап айтқанда, Б.Тұрлыбеков Венгрияның Төтенше және Өкілетті елшісі Отто Иван Рона мырзамен, Моңғолияның Төтенше және Өкілетті елшісі Дорж Баярху мырзамен, Түрікменстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеповпен кездесті. 

Кездесулер барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» жобасы туралы сөз қозғалып, 2024 жылы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен алғаш рет халықаралық деңгейде өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері кеңінен әңгіме болды. Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық дипломатиялық өкілдіктер мен ұйымдармен байланыс орнатуда ерекше қолдау көрсетуде.

«Ұлы дала жорығы» халықаралық дүбірлі додасының V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында өтетін маусымына Ботай (СҚО) – Бозоқ (Астана) жаңа бағытының арнайы таңдалып алынуы терең мазмұнға ие. Кем дегенде 15 шетелдік команда бақ сынайды деп күтіліп отырған айтулы бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрамақ.

Марафон-бәйгенің Ботайдан басталуының терең астары бар – адам баласы жылқы малын дәл осы жерде алғаш рет қолға үйреткен. Ал VIII-X ғғ. көне түркілердің киелі мекені болған Астана маңындағы Бозоқ қалашығы жарыстың аяқталу нүктесі болмақ.

Сондай-ақ Б.Тұрлыбеков дипломаттарды өз елдеріндегі ат спортын дамытуға жауапты ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға және алдағы марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері бойынша қолдау көрсетуін ұсынды.

Кездесулер соңында Венгрия, Моңғолия және Түрікменстан елшілері «JORYQ» ат спорты федерациясының бастамаларына қолдау көрсетіп, жаңа ат спорты түрін дамытуда және тәжірибе алмасуда ынтымақтасуға дайын екендіктерін жеткізді. Бұл өз кезегінде елдер арасындағы байланыстардың одан әрі нығая түсуіне, бүкіл әлемдік қауымдастықта ат спортының дамуына ерекше серпін бермек.

«Ұлы дала жорығы» – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Барлық жаңалықтар