00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Рыбакина әлемдік рейтингіде бесінші орынға түсті

18.09.2023 | 07:00
48
Фото: Елена Рыбакина/Instagram

Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) әлемнің үздік теннисшілерінің жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық Елена Рыбакинаның бұл рейтингтегі орны төмендеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Беларусь спортшысы Арина Соболенко қалған. Екінші орында польшалық Ига Швентек орналасса, тізімде үшінші болып америкалық Кори Гауффтың есімі жайғасқан. 

Бұған дейін төртінші орында тұрған отандасымыз Елена Рыбакинаның рейтингтегі орны төмендей түскен. Қазақстандық спортшы әлемдік рейтинг тізіміне бесінші болып тұр. Оның орнына төртінші болып америкалық Джессика Пегула келген. 

Барлық жаңалықтар