00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

12.04.2024 | 08:31
80
Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Аян Төлеген

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elorda info

Барынша шиеленісті өткен финалдық белдесуде жерлесіміз әлем және Азия чемпионы, атақты Ахмед Тажудиновқа 2:4 есебімен есе жіберді.

Қос балуан 2024 жылы Түркияда өткен  «Яшар Догу» халықаралық турнирінің 1/2 финалында кездесіп, ол жолы да Бахрейн өкілі жерлесімізден айласын асырған болатын.

Бахрейн балуаны 2023 жылдан бері қатарынан 23 белдесуінде тек жеңіп келе жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында да Ризабек 92 келіде финалға дейін жетіп, күміспен күптелген еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар