00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Президент кубогы: Михаил Кукушкин ширек финалға шықты

28.07.2023 | 04:30
29
Фото: ktf.kz

Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Әлемнің 229-ракеткасы Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 639-орында тұрған жапониялық Рента Токудамен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін рейтингте 570-сатыдағы ресейлік Евгений Карловскиймен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шыға алмады. Ол өзбекстандық Хумаюн Сұлтановқа жол берді. Есеп 7:6 (7:4), 0:6, 1:2 болған мезетте матчты жалғастырудан бас тартты.

Барлық жаңалықтар