00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Пауэрлифтингтен Азия чемпионатында елордалық спортшылар топ жарды

11.05.2023 | 14:00
39
Фото: Астана қаласы Спорт басқармасы

Үндістанның Аллапуджа қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info

Жарысқа Азия мемлекеттерінен келген 16 құрама команда мен 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында астаналық команда да бар. 

Алты күнге жалғасқан Азия чемпионатында елордалық пауэрлифтингшілер жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 8 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені қанжығасына байлады. 

Біз бүгін Азия чемпионатынан жоғары нәтижемен елге оралдық. Қалалық «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» құрметпен қарсы алды. 

Еліміздің көк туын Үндістан мемлекетінде желбіретіп, алты мәрте әнұранымыз шырқалды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. 

Чемпионатқа әлем елдерінен келген 300-ге жуық спортшы қатысты. Біздің құрама командамыз тамаша нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырына шықты. Спортшыларымыздың жеңісі біздің де жеңісіміз. Олардың жарысқа дайындығын жаттықтырушылар, өзіміз жіті қадағаладық. Үмітіміз ақталды, - деді пауэрлифтингтен Астана қаласының аға жаттықтырушысы Евгений Руденко. 

спорт1.jpg

Жарыс қорытындысы төмендегідей:

Қыздар арасында: 

Аблаева Нинель, 57 кг,

зілтемір тарту,

жатып сығымдау,

отырып тұру,

сома.

 

Жасөспірімдер арасында:

Қырықбаев Абылай, +120 кг,

жатып сығымдау,

зілтемір тарту,

отырып тұру,

сома.

 

Әйелдер арасында:

Калинкина Олеся, 84 кг,

зілтемір тарту,

жатып сығымдау,

сома,

отырып-тұру.

Барлық жаңалықтар