00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Пара спортшы Айсұлу Сүлейменова халықаралық турнирден күміс жүлде алды

19.02.2024 | 15:00
77
Фото: дереккөз

Жеңіл атлетикадан «Dubai 2024 World Para Athletics Grand Prix

15th Fazza International Athletics Championships» турнирінде жерлесіміз Т62 классы бойынша сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. 

жалау.jpg

Айта кетейік, аталмыш дода спортшының алғашқы халықаралық жарысы. 

Жалпы жарыс қиын болды. Бірақ, соған қарамастан бар күшімді салып, жеңіске жетуге тырыстым. Бұл менің алғашқы жарысым болғандықтан өте қуаныштымын. Айтулы жеңіс менің ғана емес, барша команданың жеңісі деп санаймын. Әсіресе, жеке бапкерім Айгүл Аржаниковаға шексіз алғысымды білдіремін. Онымен бірге көп еңбектендік.

Қолдау білдірген барлық жандарға, қалалық спорт басқармасына және Елорда спорт мектебінің әкімшілігіне рахметімді айтамын, - деді пара спортшы.

Барлық жаңалықтар