00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Отандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды

12.06.2023 | 19:30
37
Фото: olympic.kz

Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өткен челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлады Elorda.info.

 Қазақстанның теннис федерациясының мәліметінше, теннисші финалда әлемнің 187-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен бас жүлде үшін кортқа шықты. Дәл осы теннисшіні бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада қазақстандық Бейбіт Жұқаев 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді.  Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин сәттірек ойнады. Есеп: 7:6 (10:8). Екінші сетте тай-брейкте америкалық спортшы еш мүмкіндік қалдырмады (7:6) (7:0). Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші матчты брейкпен түйіндеді.

Барлық жаңалықтар