00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Нұрлан Исатаев дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2023 | 07:30
41
Фото: дереккөз

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Нұрлан Исатаев чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Спорт комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты. Финалдық белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Голден скорда (қосымша уақыт) отандасымыз ұтымды әдіс пайдаланып, ұпай еншілеп, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады. 

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түрікменстан), Лиова Спариянды (Армения) Янг Жонатанды (АҚШ) айқын басымдықпен жеңді. Өз тобынан үздік шыққан Нұрлан Исатаев жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақпен белдесті. Нәтижесінде, Исатаев финалға жолдама алса, Оралбек Байзақ жұбаныш белдесуінде қола жүлдені жеңіп алды. 

Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова ел қоржынына күміс жүлдені салды. 

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде бірінші орынмен бастады.

Барлық жаңалықтар