00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Әмір Омарханов – ITF Juniors турнирінің чемпионы

07.06.2023 | 11:30
28
Фото: ktf.kz

Тбилисиде өткен халықаралық турнирде қазақстандық Әмір Омарханов екі номинация бойынша жеңімпаз деп танылды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.  

ITF Juniors J60 сериясының халықаралық додасы 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өтті. 

Қарағанды ​​теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды. Жеке разрядтың финалында теннисшіміз әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен жеңді. 

Жұптық кездесуде Әмір болгариялық Иван Найденовпен қазақстандық Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин жұбын 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша, Омарханов ITF Juniors турнирінде өзінің бесінші жүлдесін жеңіп алды, оның екеуі жекелей сында. Осы жетістігінің арқасында Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингте 298-орынға көтерілді.

Барлық жаңалықтар