00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Әмір Омарханов Australian Open жарысында жеңіске жетті

20.01.2024 | 08:30
44
Фото: ktf.kz

Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы, ATP рейтингісінде 1872-орында тұрған италиялық Федерико Синамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда италиялық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне осыдан кейін Әмір қарымта қайтара алды – 6:3, 6:3.

Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.

Барлық жаңалықтар