00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі 12 мамырда басталады

14.03.2024 | 05:39
57
Фото: дереккөз

«JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті.

Атап айтқанда, кездесу барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгені ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Жиын барысында «Ұлы дала жорығы» республикалық іріктеу турының өтетін орны мен басталу күні белгіленді. Осылайша, марафон-бәйгенің Петропавл қаласындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясы басталатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, - делінген хабарламада.

Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды.

Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енгізілетіні жайлы тілге тиек етті.

Үздік үштікке енген жеңімпаз командалар қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы дала жорығы» халықаралық турының лицензиясына ие болмақ. Қазіргі таңда аймақтық іріктеу турлары жүріп жатыр, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады.

Барлық жаңалықтар