00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Лицензиялық турнир: Олимпиадаға бір қадам

10.03.2024 | 12:58
51
Фото: Аян Төлеген

Бүгінгі жарыс жолын 75 келідегі Валентина Хальзова бастады. Ол 1/8 финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Бусра Исилдарды сенімді түрде 4:1 есебімен жеңді. Енді ширек финалды сәтті аяқтаса, Париж Олимпиадасына барады. 

Кешкі сессияда жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Анета Ригельскаға шамасы жетпеді. Есеп: 1:4

Ал 92 келідегі Айбек Оралбай 1/8 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, тәжірибелі Хулио Кастильо Торрестен айқын басымдылығын танытып, 5:0 есебімен ұтты. 

Айбектің келесі қарсыласы ретінде АҚШ-тың талантты спортшысы Джамар Таллей атанады. 

Ертең 5 бірдей жерлесіміз 1/8 финалдық айқасын өткізеді. 

 Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар