00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Әлемдік лицензиялық турнир: Үш боксшымыз келесі айналымға өтті

07.03.2024 | 04:06
47

Әйелдер арасында 60 келідегі Римма Волосенко ширек финалға шыққан алғашқы отандық спортшы. Ол Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейроға қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді. 

Кешкі сессияда 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. 

Сәкеннің келесі қарсыласы – Қазақстанның 2 дүркін чемпионы, осы күндері Бахрейн атынан шығатын Азат Махметов. Жекпе-жек 10 наурызға жоспарланған. 

Отандастарымыздың арасынан соңғы болып 92 келідегі Айбек Оралбай шықты. Оның қарсыласы да осал емес еді. Азия чемпионы, екі мәрте әлем чемпионатының ширек финалисі – Санжит Санжит (Үндістан). Дегенмен, Айбек үнді спортшысына қарағанда көбірек соққыларын тигізіп, келесі айналымға өтті.  

7 наурыз күні ерлер 63.5, 71, 92 келі және әйелдер 54, 57, 60 келіде жұдырықтасады.

Ұлттық құрама сапынан 5 бірдей боксшымыз өнер көрсетеді. 

54 келі. 1/16 финал

Жайна Шекербекова – Шукура Карим (Нигерия) 

60 келі. 1/4 финал

Римма Волосенко – Мирослава Жединакова (Словакия)  

63.5 келі. 1/16 финал

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Радослав Симеонов Росенов (Болгария) – Еуропа чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі

71 келі. 1/16 финал

Асланбек Шымбергенов – Дамиан Дуркач (Польша) – Токио Олимпиадасының қатысушысы

92 келі. 1/16 финал

Айбек Оралбай – Ханеул Жанг (Оңтүстік Корея)

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар