00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Әлем чемпионы атанған елордалық каратэшілерге құрмет көрсетілді

08.12.2023 | 09:30
41
Фото: дереккөз

Алматы қаласында 24-26 қараша күндері киокушинкай-кан каратэден өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған астаналық 8 спортшы қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің қабылдауында болды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Есет Байкен спортшыларды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

Халықаралық ареналарда толағай табыстарға қол жеткізген жерлестеріміз әлем алдында ел абыройы мен мәртебесін арттыруда. Сіздер де міне, Алматыда каратэден өткен әлем чемпионатында жоғарғы спорттық шеберлік танытып, жетістіктеріңізбен қуанттыңыздар.

Елордалық құрама 8 алтын, 9 күміс және 16 қола медаль жеңіп алды. Осылайша ел құрамасының жалпыкомандалық алтын медалін жеңіп алуға үлкен үлес қосты. Бірден 8 елордалық каратэші әлем чемпионы атанды.

Осы тұста жаттықтырушылардың еңбегін атап өткен жөн. Сіздердің қаншама жылдық еңбектеріңіздің арқасында біздің спортшылар табандылық пен батылдықтың нақты үлгісін көрсете алды, - деді қала әкімінің орынбасары Есет Байкен.

8 a5a91f27b6a52b4e840de1fcb97ab4c3_1280x720.jpg

Естеріңізге салсақ, 2 жылда бір рет өтетін әлем чемпионаты осы жылы өз елімізде, Алматы қаласында өтті. Жарыста 700-ге жуық спортшы, 35 құрама команда бақ сынады.

Қазақстандық құрама ең жоғары көрсеткішке жетіп, жалпыкомандалық есепте I орынға қол жеткізді.

Барлық жаңалықтар