00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Легионерсіз Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

13.05.2023 | 22:00
32

Шайбалы хоккейден Латвия мен Финляндияда басталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын жеңіспен бастады, деп хабарлады Elorda.info. 

Бірінші турда Қазақстан құрамасы Норвегия мен кездесіп, 4:3 Б есебімен жеңіп кетті. 

Қазақстан — Норвегия 4:3 Б 

Шайбалар: 

0:1 — Микаэль Хага (8 минут)

0:2 — Оле Юлиан Хольм (10 минут) 

1:2 — Максим Мухаметов (16 минут) 

1:3 — Микаэль Хага (22 минут)

2:3 — Валерий Орехов (36 минут) 

3:3 — Никита Михайлис (52 минут) 

Буллит сериясында Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты. 

Қазақстан құрамасынан Батырхан Мұратов ең үздік ойыншы ретінде танылды. 

Енді Қазақстан құрамасы 14 мамыр күні Чехиямен ойнайды.

Барлық жаңалықтар