00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы халықаралық турнирге қатысады

02.04.2024 | 12:03
Елорда ақпарат
45
Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы халықаралық турнирге қатысады
Фото: дереккөз

Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға алты қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлады Elorda.info

Турнирде 232 спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде әлемдік рейтингте ТОП-50 қатарына енетін 12 теннисші бар. Жарысқа қазақстандық Кирилл Герасименко да қатысады. 

Одан бөлек, Қазақстан атынан Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мірқадырова мен Анастасия Лаврова сынға түседі. 

Айта кетейік, турнирдегі алғашқы матчтар бүгінге жоспарланған.

Барлық жаңалықтар