00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан құрамасының экс-футболшысы бас бапкерге қатысты пікір білдірді

Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Алексей Попов Магомед Адиевтің бас бапкер ретіндегі қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне арналған плей-офф турнирінің жартылай финалында Грекиядан ірі есеппен жеңіліс тапқан болатын.

Адиев қаласа басшылықпен келіссөз үстеліне отыруы керек. Біз өзара тиімді ынтымақтастыққа келуіміз керек. Менің ойымша, Адиевпен жұмысты жалғастыру керек. Ол ұлттық құрамада өзіне сенетін команда құрды. Бұл жағдайда жаттықтырушыны ауыстырудың мәні жоқ. Жаңа идеялары бар жаттықтырушыны жалдасаңыз, тағы да қауіп бар. Адиевпен келіссөздер жүргізу керек, - деді Попов. 

Бұған дейін Магомед Адиевтің өзі отставкаға кетуі мүмкіндігі туралы айтқан болатын. 

Барлық жаңалықтар