00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Каратэден әлем чемпионына Президенттің алғыс хаты табысталды

03.11.2023 | 09:00
35
Фото: дереккөз

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев WKF каратэден әлем чемпионатында елімізге тарихи алтын жүлдені сыйлаған Мөлдір Жаңбырбай мен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Дидар Әмірәліні қабылдап, Президенттің арнайы алғыс хатын табыстады, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында министр спортшылардың әлем чемпионатындағы жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіне тілекші екенін жеткізді.

Кейінгі жылдары елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келе жатыр. Бұған сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз орасан зор. Жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған Жазғы Азия ойындарында екеуіңіз де жүлдегерлер қатарынан көрініп, жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледіңіздер. Енді міне, арада көп уақыт өтпей әлем біріншілігінде де тұғырдың ең биік сатысынан көріндіңіздер. Сіздерге алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табыс тілеймін, - деді Е.Маржықпаев.

Айта кетейік, Мажарстандағы әлем чемпионатының финалында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) италиялық Эрминия Перфеттоға еш мүмкіндік бермей, алтын тұғырға көтерілсе, 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дидар Әмірәлі үшінші орын үшін өткен бәсекеде Иордания спортшысы Афиф Гаитті жеңіп, қолаға қол жеткізген болатын.

Барлық жаңалықтар