00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы қалай өтті?

01.02.2024 | 09:08
37

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен кезекті қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы аяқталды. Осы орайда отандық спортшыларымыздың көрсеткіштеріне тоқталсақ. 

- Қазақстан атынан рекордтық 41 спортшы қатысып, 5 спорт түрінен 9 дисциплинада жүлдеге таласты. 

- Қазақстан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында 1 алтын, 2 қола жүлдеге ие болып, жалпы жүлде кестесінде өз тарихындағы ең жоғарғы 20-орынға табан тіреді. 

- Қазақстан намысын қорғаған жасөспірімдеріміз бірінші рет 3×3 хоккей, керлинг, фристайл могулдан жүлдені сарапқа салды. 

- Қазақстан өз тарихында бірінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. 

Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру) – 214,0 ұпай.

c148019f-34d5-4d9d-afa9-9d777636b905.jpg

- Жалпы қысқы Олимпиада тарихындағы 2-ші алтынды иелендік (1994 жылы Лиллехаммерде ұйымдастырылған қысқы Олимпиадада Владимир Смирнов қана чемпион атанған). 

- Шорт-тректен Полина Омельчук бірінші рет ел қоржынына қола жүлде сыйлады. 

Полина Омельчук (1 000 метр) – 1:41.600.

531fa732-2b26-4fd8-b3f3-af7cf21e624f.jpg

- Командалық сайыста және 3×3 хоккейден бірінші рет жүлдегерлер қатарына кірдік. 

3-орын үшін ойын. Қазақстан – Аустрия 6:5.

cb4688b2-eb59-4215-bba2-517e6290e94a.jpg

Еліміздің қай облыстарынан қатысты? 

1. Астана қ. – 13 спортшы;

2. Алматы қ. – 7 спортшы;

3. ШҚО – 4 спортшы;

4. Қостанай обл. – 4 спортшы;

5. Ақмола облысы – 3 спортшы;

6. СҚО – 3 спортшы (конькимен жүгіру);

7. БҚО – 2 спортшы (шорт-трек);

8. Қарағанды облысы – 2 спортшы (хоккей);

9. Абай облысы – 2 спортшы (биатлон);

10. Ақтөбе облысы – 1 спортшы (биатлон).

Облыстардың жүлде рейтингі: 

1-орын. Алматы қаласы – 1 алтын (шаңғымен тұғырдан секіру); 

2-орын. Астана қаласы – 9 қола (3×3 хоккей); 

3-орын. Қарағанды облысы – 2 қола;

4-6 орын. Қостанай облысы – 1 қола (шорт-трек); 

4-6 орын. СҚО – 1 қола (3×3 хоккей); 

4-6 орын. ШҚО – 1 қола (3×3 хоккей).

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар