00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Хоккей: Қазақстан сенсациялық жеңіске қол жеткізді

20.05.2023 | 08:30
33
Фото: Kazakhstanhockey

Хоккейден Латвия мен Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2-ші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Жерлестеріміз азулы Словакиямен кездесіп, буллит сериясы бойынша 4:3 есебімен басым түсті.

Ойын барысында қарсыластардың 2 есе көп шабуылдағанын да айта кетейік: 26:51.

Әлем чемпионатының тарихында бұған дейін қос команда 6 рет кездесіп, барлығында словактар жеңген.

Қазақстан — Словакия 4:3 Б

0:1 - Патрик Коч (Марек Гривик) - 14:58 

1:1 - Роман Старченко (Евгений Рымарев, Данияр Самат) - 21:03 

2:1 - Валерий Орехов (Никита Михайлис, Роман Старченко) - 24:50 

3:1 - Евгений Рымарев (Никита Михайлис, Роман Старченко) - 25:22 ГБ 

3:2 - Рихард Паник (Марек Гривик, Патрик Коч) - 48:33 

3:3 - Павол Регенда (Марек Гривик, Михал Иван) - 56:58 

4:3 - Никита Михайлис - 60:00 буллит

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар