00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Хоккей: Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте жоғарылады

29.05.2023 | 12:30
34
фото: Kazakhstan hockey парақшасынан

Хоккейден Латвия мен Финляндияда өткен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін IHHF сайты әлемдік рейтингті жаңартты. Рейтинг бойынша Канада құрамасы 1-орынға көтерілді. Ал 70 жылдан кейін жүлде алған Германия 9-орыннан 5-ке жоғарласа, алғаш рет қола жүлде иеленген Латвия 11-ден 10-шы орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы біріншілік басталмай тұрып, 16-орында болатын. Бірақ жерлестеріміз Норвегия, Словакия, Словениядан басым түскен соң, 15-орыннан көрінді. 

1. Канада (4150)

2. Финляндия (4080)

3. Ресей (4050)

4. АҚШ (3940)

5. Германия (3835)

6. Швеция (3800)

7. Швейцария (3775)

8. Чехия (3735)

9. Словакия (3690)

10. Латвия (3610)

...15. Қазақстан (3170)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында бірде-бір легионерсіз өнер көрсеткен болатын.

Барлық жаңалықтар