00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Футзалдан ұлттық құрамаға шақыртылған ойыншылар белгілі болды

08.12.2023 | 12:00
62
Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланд және Румынияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дамир Қайырбай (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Спортинг» Лиссабон, Португалия), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай (екеуі де – «Семей»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Асхат Көлбаев («Ақтөбе»), Нұрболат Батырханов («Атырау»).

Жаттықтырушылар құрамы: Рикардо Кака – бас бапкер, Дәурен Нұрғожин – бас бапкердің көмекшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Нидерландпен ойнаса, 20 желтоқсанда Бухарестте Румыния құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Барлық жаңалықтар