00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Футболдан ұлттық құрама анықталды

24.08.2023 | 08:00
47
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндия және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы өтетін матчтарға арналған соңғы құрамды жариялады, деп хабарлады Elorda.info 

7 қыркүйекте Әдиевтің шәкірттері Финляндияны қабылдаса, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен ойнайды, екі кездесу де Астанада өтеді.

Ұлттық құрама мүшелерінің толық тізімі өздерінің  Instagram парақшасында жарияланды. 

Сонымен, Қазақстан құрамасының мүшелері:    

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – Ордабасы), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит»), Еркін Тапалов («Қызыл-Жар»), Лев Скворцов (К. К.) , Марат Быстров (Ахмат), Әлібек Қасым (Ақтөбе);

Жартылай қорғаушылар: Бахтиёр Зайнутдинов («Бешикташ»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Рамазан Оразов («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Елхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Владислав Прокопенко (барлығы – «Астана»);

Шабуылшылар: Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»).

Бұған дейін Магомед Адиев отставкаға кететінін мәлімдеген.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Барлық жаңалықтар