00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Футболдан Ұлттар лигасының жеребесі қашан өтеді?

05.12.2023 | 07:30
43

Футболдан Ұлттар лигасы 2024/25 маусымының жеребесі 2024 жылдың 8 ақпанында өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирдің жаңа маусымында Қазақстан құрамасы В дивизионында өнер көрсетеді. 2022/23 жылғы маусым қорытындысы бойынша олар С дивизионында Әзербайжан, Словакия мен Беларусьті артта қалдырып, бір дивизионға жоғарылады.

В дивизионында қазақстандық футболшылар Грузия, Грекия, Түркиямен бірге төртінші себетке орналасқан.

В дивизионындағы құрамалар төмендегіше себетке орналасқан:

Бірінші себет: Аустрия, Чехия, Англия, Уэльс;

Екінші себет: Финляндия, Украина, Исландия, Норвегия;

Үшінші себет: Словения, Ирландия, Албания, Черногория;

Төртінші себет: Грузия, Греция, Түркия, Қазақстан.

Сондай-ақ, 2024/25 маусымының ойын күнтізбесі белгіленді.

1 тур: 5-7 қыркүйек 2024 жыл.

2 тур: 8-10 қыркүйек 2024 жыл.

3 тур: 10-12 қазан 2024 жыл.

4 тур: 13-15 қазан 2024 жыл.

5 тур: 14-16 қараша 2024 жыл.

6 тур: 17-19 қараша 2024 жыл.

Плей-офф: 17-25 наурыз 2025 жыл.

Төртеудің финалы: 2-10 маусым 2025 жыл.

Барлық жаңалықтар