00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Футбол: Қазақстан сенсациялық жеңіске қол жеткізді (ВИДЕО)

20.06.2023 | 09:00
63
Фото: kff.kz

Футболдан ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландиядан басым түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Белфастта өткен ойында "Астана" клубының сұрмергені Абат Айымбетов қорғаушыларды қапы қалдырып, 87 минутта жеңіс голын соқты.

Осылайша, 4-турдан соң Қазақстан құрамасы 9 ұпай жинап, 2-орында тұр. Финляндия құрамасында да 9 ұпай бар. Бірақ олар доп айырмашылығы бойынша көш бастап тұр.

Енді жерлестеріміз 7 қыркүйек күні Астанада Финляндия және 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияны қабылдайды.

Барлық жаңалықтар