00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

ФИФА президенті алғаш рет қазақстанға келді ме

03.05.2023 | 13:30
27
Фото: Қазақстан футбол федерациясынан

Бүгін ФИФА президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ФИФА басшысын күтіп алды. Алдағы уақытта Джанни Инфантино футболдан оқушылар арасында өтетін ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады.

Одан бөлек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездесу жоспарланған.

Бұған дейін ФИФА президентінің Қазақстанға келген сәттері:

2004 жыл. FIFA президенті Йозеф Блаттер Алматыға келіп, мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімовпен кездесті. Кездесу барысында Йозеф Блаттер Талғарда жасанды төсеніші бар стадионның алғашқы тасын қалады.

Талғарда ұлттық құраманың дайындалатын футбол базасы 2010 жылы ғана ашылды. Жоба құны: 5 млн доллар.

Қазақстан құрамасы 2004 жылы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде UEFA сапындағы дебютті ойынын өткізіп, 91-минутқа дейін тең ойнады.

Қазақстан Украина 1:2
Голдар: Белик 14 минут (0:1), Карпович 34 минут (1:1), Ротань 90+1 минут (1:2)

2009 жыл. FIFA президенті Йозеф Блаттер Астанаға келіп, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. "Достық" орденімен марапатталды.

2 айдан соң, 3 жыл салынған Astana Arena стадионы ашылды. Құны: 185 млн доллар.

Күз айында Қазақстан құрамасы алғаш рет осы стадионда Хорватияға қарсы ойнап, 93 минутқа дейін тең ойнады

Қазақстан Хорватия 1:2
Голдар: Вукоевич 10 минут (0:1), Хижниченко 26 минут (1:1), Кранчар 90+3 минут (1:2)

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар