00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Euro-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі белгілі болды

13.11.2023 | 04:30
40
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі шешуші матч өткізеді. 17 қараша күні Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Үш күннен кейін біздің құрама Словениямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 01:45-ке жоспарланған. Матч Любляна қаласы, «Стожице» стадионында өтеді.

Ескерте кететін нәрсе, кеше Қазақстан футбол федерациясы жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновтың «Бешикташ» пен «Ыстамбұл Башакшехир» матчында алған жарақатына байланысты мәлімдеме жасады. Онда федерация футболшының алдағы екі матчта ойнауы әлі белгісіз екенін айтты.

Бақтиер Зайнутдиновтың «Бешикташ» пен «Ыстамбұл Башакшехир» матчында ауыр жарақат алып, ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатысуы екі талай болып тұр.

Дәрігерлердің қорытындысы шықпағанша Бақтиердің жарақаты қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Жақын арада Бақтиердің хал-жағдайы туралы хабарлайтын боламыз.

Әзірше Бақтиер Зайнутдиновтың тезірек сауығып кеткенін тілейміз! – делінген хабарламада.

Сондықтан футболшы Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойнамауы да әбден мүмкін.

Барлық жаңалықтар