00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Ерғали Шамей туралы фильм шетелдік кинофестивальде үздік атанды

08.02.2024 | 09:16
75
Фото: дереккөз

«Үміт сәулесі» Ұлттық фильмді қолдау орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілген қысқаметражды фильм. 

Қысқаметражды фильмге идея ойластырдық. Сценарист Ертас Жақыпбай Ерғали туралы сыр шерткен болатын. Шынайы оқиғаға негізделген қысқаметражды фильмді ұсынды. Бірден сценарийге кірістік. Бұл идеямызды 3 жыл бойы ұсындық. Белгісіз себептермен қабылданбады. Ерғалидың бірінші жаттықтырушысы Жандос Қонысбаевпен, Ерғалимен жеке таныстық. Ерғалиға туындының желісін, идеясын, қысқаметражды фильмге қатысты барлық ақпаратты айтып, оның батасын алып, түсірілімді бастадық. Түсірілім екі апта көлемінде жүргізілді, - дейді продюссер Жалын Тілеуберген. 

Оның айтуынша, қысқаметражды фильм ұлттық фильмді қолдау қорына 3 жылдан соң ғана өткен. Фильм түсірілімі аяқталған соң, спорттық фильмдер арасындағы фестивальдерге жол тартқан. 

Фильм 2023 жылы Кения елінде өткен кинофестивальде спорт номинациясында жеңіске жетті. Сондай-ақ, Барселонада BCN FILM FEST Barcelona кинофестивалінде көрсетілген. 

Түсірілім қызыққа толы болды. Басты қызықтың бірі – фильмге Ерғалидың өзі түсті. Сценарий бойынша Ерғалидың рөлін сомдаған – Назар Шархан ҚР чемпионатында топ жарады.  Боз кілемде Назармен Ерғалидың өзі белдеседі. Түсірілім барысында Ерғали Алматыда парадзюдодан Әлем чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиынында болды. Фильм түсірілімі басталған кезде Әлем чемпионатына дайындалды. Ал фильм аяқталған соң, «Ерғали парадзюдодан Бакуден әлем чемпионы атанды» деген хабар келді. Ұжым болып шын қуандық. Себебі, Ерғалимен аз уақыт жұмыс істесек те, адамгершілік құндылықтары, қарапайымдылығы, имандылығы, шынайылығы, өзгеге деген сыйластығы тәнті етті. Ерғали Парижде Паралимпиада ойындарында өнер көрсетіп, жеңімпаз атанады деген үміттеміз. Еліміздің намысын Ерғали секілді азамат қорғап жүргені қуантады, - деді Ж.Тілеуберген.

08113.jpg

Барлық жаңалықтар