00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордалық зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

21.11.2023 | 03:30
47
Фото: дереккөз

Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 15 жыл толуына орай «Белсенді ұзақ ғұмыр» орталығында зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті, деп хабарлады Elorda.info

Төрешілер бірнеше күн бойы ерлер мен әйелдер арасындағы үздік ойыншыларды анықтады. 

Жарыс қорытындысы бойынша Серік Сақуов пен Гүлнар Мусина жеңімпаз атанса, Сәрсембай Қайыржанов, Раиса Молдина, Талғат Исмағұлов және Жібек Балтабаева жүлдегерлер атанды. 

Олар дипломдармен, кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

d4082660-7817-489d-a677-b8ee0f766fa6.jpg

Іс-шараны Есіл ауданының әкімдігі Астана қаласы әкімдігінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп өткізді.

Барлық жаңалықтар