00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық гимнасшылар халықаралық жарыстан жеңіспен оралды

27.11.2023 | 10:31
47
Фото: Сұлтан Сейіт

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналған 17 құрама командадан 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.

Елордалық құрама жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 күміс, 2 қола жүлдемен, командалық 2-орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша астаналық Alan-Рио (11 спортшы) құрама командасы 4 құрлық чемпионатында қола жүлдеге ие болса, Samruk (11 спортшы) құрама командасы әлем чемпионатында үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, Alan-Junior командасы (10 спортшы) командалық есепте 2-орынға ие болды.

ebb91522-2c12-45f8-92fa-11093f7570e9.jpg

Барлық жаңалықтар