00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада каратэден халықаралық турнир өтеді

03.08.2023 | 02:30
36
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Астанада WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл турнир елімізде осымен алтыншы рет өткізілейін деп отыр. Татами төрінде 8 елдің (БАӘ, Кувейт, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей мен Қазақстан) 800-ге жуық спортшысы күш сынасады.

Бәсеке кумитэ және ката бағдарламасы бойынша жасөспірімдер (10-13 жас, 14-17 жас), жастар (18-20 жас) және ересектер (18 жастан асқандар) арасында өтеді. 

Еліміздің намысын Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Қайсар Алысбай, Нұрқанат Әжіқанов, Гүлмира Үсенова, Данияр Юлдашев, Абылай Төлтай және Әсел Қанай сынды спортшылар қорғайды. 

Жарыс 25-27 тамыз аралығында өтеді. 

Барлық жаңалықтар