00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтіп жатыр

27.02.2024 | 10:38
70
Фото: Дене шынықтыру және спорт басқармасынан

«Думан» спорт кешеніндегі кезекті қалалық ашық чемпионатын Астана қаласы көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілқайыр құттықтау сөз сөйлеп ашты. 

Жарыстың бірінші күнінде-ақ, гимнасшылар жеке және топтық бәсекеде шеберліктерін ортаға салып жатыр. 

Сондай-ақ, ел намысын шетелдік аренада қорғап жүрген бірқатар жерлестеріміз спорттық дәреже атағымен марапатталды. 

Чемпионатта жас және спорт дәрежесіне байланысты жүлделер сарапқа салынып жатыр: 

- Спорт шебері (2008 ж. және одан үлкендер) қыздар;

- Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 ж.) қыздар;

- 1 спорттық разряд (2012-2014 ж.) қыздар;

- 2-3 спорттық разряд (2015 және одан кіші ж.) қыздар.

Айта кетейік, 26-28 ақпан күндері аралығында өтетін сайыс халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастикадан 2023-2024 ж. қолданыстағы ережелеріне сәйкес өтуде.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар