00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

13.11.2023 | 11:00
37
Фото: дереккөз

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан ел біріншілігіне 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Астана татамиінде белдесіп жатқан балуандар қатарында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар да бар. 

Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионы Нұрқанат Серікбаев, Азия чемпионы Данияр Шамшаев, Гранд слэм және Гран-при жарыстарының жеңімпазы Ислам Бозбаев, жазғы Универсиаданың алтын медаль иегері Ғалымжан Қырықбай, әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері Бауыржан Нарбаев, сондай-ақ қыздар арасында Ғалия Тынбаева, Камила Берліқаш сынды халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегерлері Қазақстан чемпионы атағы үшін белдесіп жатыр.

Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай-ақ аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогы табысталады. Ел чемпионатының қорытындысы бойынша 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады.

Барлық жаңалықтар