00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде шахматтан ерекше чемпионат өтеді

25.07.2023 | 10:00
26

3-8 тамыз аралығында Ақтау қаласында әлемде тұңғыш рет World Schools Team Championship өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпионаттың ерекшелігі сонда, оған шахмат үйірмелері мен секцияларының тәрбиеленушілері емес, шахматты жақсы көретін қарапайым әуесқой мектеп оқушылары қатысады.

Айтулы доданы Халықаралық және Қазақстан шахмат федерациялары ұйымдастырады. 

Жарыс 12 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі екі категория бойынша өтеді. Байрақты бәсекеге 50 елден 300-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Ақтауға Перу, Мадагаскар, Сан-Томе және Принсипиден қатысушылар келеді. 

Чемпионатта Қазақстанның намысын 6 қаладан 10 мектеп қорғайды:

• IT мектеп-лицейі, Ақтау қ.;

• Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Ақтау;

• М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі, Алматы;

• Республикалық физика-математика мектебі, Алматы;

• Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

• №72 мектеп-лицейі, Астана қаласы;

• Республикалық физика-математика мектебі, Астана қ.;

• Атырау облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты;

• Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, Павлодар қ.;

• О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі, Шымкент қ.

Барлық жаңалықтар