00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елена Рыбакина WTA турнирінде алғашқы жеңісіне жетті

01.11.2023 | 08:00
39
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кортқа шықты.

Елена Рыбакина кездесуді тамаша бастап, небәрі 22 минутқа созылған бірінші партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.

Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте грекиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:2. Бірақ ізінше Марияның брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Ақыры матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда қазақстандық теннисші матчты эйспен түйіндеді – 7:6 (7:2).

Бакалар тобында сынға түсіп жатқан Рыбакина алғашқы бәсекесінде әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға есе жіберген еді. Пегула содан кейін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, өз тобында көш бастаған америкалық спортшының есебінде 2 жеңіс бар.

Елена 3 қараша күні Соболенкомен шеберлік таластырады. Егер оны жеңген жағдайда жартылай финалға жолдама алады.

Барлық жаңалықтар