00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елена Рыбакина WTA шешуші турнирінің алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді

25.10.2023 | 08:30
41
фото: wimbledon.com

Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласына (Мексика) келді. Онда бірер күннен кейін WTA турнирінің финалдық кезеңі басталады, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Канкунде Елена кортқа шығып, алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.

WTA турнирінің ақтық кезеңі 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді. Рыбакина аталмыш жарысқа жолдама алған Қазақстанның бірінші өкілі болды.

Елена Рыбакина үшін осы уақытқа дейінгі соңғы турнир Бейжіңде өткен China Open турнирі болды, ол онда жартылай финалға шыққан болатын.

Барлық жаңалықтар