00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елена Рыбакина US Open-2023 турнирінде қарсыласын тізе бүктірді

29.08.2023 | 04:30
47
Фото: дереккөз

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) US Open-2023 турнирінің бірінші айналымында украиналық Марта Костюкпен (37-орын) кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Елена Рыбакина US Open-2023 стартында кезекті қарсыласын жеңді

Халықаралық жарысты ұйымдастыру комитеті сайтының хабарлауынша, жерлесіміз украйналық ракетка Костюкті екі сетте   (6:2, 6:1) есебімен жеңген.  Екінші айналымда қазақстандықтың қарсыласы Панна Удварди (Венгрия, 124-орын) - Айла Томлянович (Австралия, 130-орын) кездесуінің жеңімпазы болады.

Елена Рыбакина мен Марта Костюк арасындағы текетіреске келсек, қазақстандық теннисші жеке кездесулерде есепті теңестіре алды – 1-1. Олар алғаш рет осы жылдың басында Аделаидада (Австралия) өткен турнирде кездесті. Одан кейін украиналық күтпеген жерден үш сетте (6:7, 6:2, 6:3) жеңіске жетті,- деп жазды жарысты ұйымдастырушылардың сайты

Айта кетейік, биыл Костюк сенсация жасап, Уимблдонның үшінші раундына дейін жетіп, Мария Саккари (8-орын) мен Пауло Бадосаны (46-орын) жарыс жолынан шығарған болатын. 

Барлық жаңалықтар