00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді

21.05.2023 | 11:36
32
Фото: Елена Рыбакина/Instagram

Елена Рыбакина үлкен теннистен Римде (Италия) өткен «Мастерс» жарысының чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Финалда Елена Украина теннисшісі Ангелина Калининамен кездесіп, 6:4, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында ескі жарақаты сыр берген Калинина ойынды жалғастырудан бас тартты.

Римдегі турнирде үздік шыққан отандасымыз әлем рейтингінде рекордтық 4-ші орынға көтерілді.

Айта кетейік, «Мастерс» жарысының жеңімпазы ретінде Елена Рыбакина 521 754 мың еуро сыйақы алды.

Енді отандасымыз келесі аптада айтулы Roland Garros үлкен дулыға бәсекесінде өнер көрсетеді.

Барлық жаңалықтар