00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің жартылай финалына шықты

16.02.2024 | 11:48
50
Фото: дереккөз

Бұл қос теннисшінің өзара бірінші кездесуі еді.

Канадалық теннисші матчты қарқынды бастады – 4:1. Дегенмен бұдан кейін Рыбакина қатарынан бес геймді алды – 6:4.

Екінші сетте Елена есеп 3:2 болған мезетте брейк жасай алды. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. 

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, 2021 жылғы Ролан Гаррос жарысының финалисі, ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі. 

Барлық жаңалықтар